Жақында ғана Twitter-де үш сүйкімді ақ жарқанаттың суреті жарияланды. Алайда Snopes фактчекерлері олардың шынайы емес екенін анықтады.
“Бұл ақ жарқанаттар және олар қанаты бар шпицке (иттің түрі – ред.) ұқсайды”, – делінген хабарламада.

Шын мәнінде, суретте Etsy сайтында сатылатын ақ жарқанат ойыншығының топтамасы бейнеленген. Фото ArtistYANAFEDOROVA деген Etsy сатушысынан алынған. Ол ақ киізден, сымнан жасалған.

Фотода ойыншық жарқанаттар болған соң, фактчекерлер Twitter-де тараған мәлімдеме “қате” деген қорытындыға келді.
Алайда табиғатта ақ жарқанаттардың бар екенін де ескерген жөн. Мысалы, Гондурас деген ақ жарқанаттардың жүні ақшыл реңкке ие. Оған қоса альбинос жарақанаттар да бар.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.