Фотода бейнеленген ақ жарқанаттар шынайы ма?

Жақында ғана Twitter-де үш сүйкімді ақ жарқанаттың суреті жарияланды. Алайда Snopes фактчекерлері олардың шынайы емес екенін анықтады.

Бұл ақ жарқанаттар және олар қанаты бар шпицке (иттің түрі – ред.) ұқсайды”, – делінген хабарламада.

Фотода бейнеленген ақ жарқанаттар шынайы ма?

Шын мәнінде, суретте Etsy сайтында сатылатын ақ жарқанат ойыншығының топтамасы бейнеленген. Фото ArtistYANAFEDOROVA деген Etsy сатушысынан алынған. Ол ақ киізден, сымнан жасалған.

Фотода бейнеленген ақ жарқанаттар шынайы ма?

Фотода ойыншық жарқанаттар болған соң, фактчекерлер Twitter-де тараған мәлімдеме “қате” деген қорытындыға келді.

Алайда табиғатта ақ жарқанаттардың бар екенін де ескерген жөн. Мысалы, Гондурас деген ақ жарқанаттардың жүні ақшыл реңкке ие. Оған қоса альбинос жарақанаттар да бар.

Factcheck.kz