Көптен бері интернетте физик Альберт Эйнштейннің электрогитара ұстап тұрған суреті тарап жүр (мұнда, мұнда, мұнда). “Проверено” фактчекерлері фотоның қаншалық шынайы екенін тексеріп көрді.
Альберт Эйнштейн — әлемге әйгілі физик. Оның өмірін зерттегендердің мәліметінше, Эйнштейн ғылым саласын таңдамаса, музыкант болар еді.
Дегенмен көпшілік арасында тараған фото өңделген. Түпнұсқа суретте T-Model Ford деген атпен танымал америкалық блюзмен Джеймс Льюис Картер Форд бейнеленген. Белгісіз біреу графикалық монтаж арқылы Фордтың басының орнына Эйнштейндікін қойып қойған.

Түпнұсқа суретті блюзға арналған көптеген сайттан, The Telegraph басылымы мақаласынан көруге болады. Ал өңделген фотодағы Эйнштейннің басы 1930 жылдардағы суретінен алынған.
Tineye жүйесіндегі ақпарат бойынша, монтаждалған фото шамамен 2009 жылдан бері интернетте тарап жүр. Бірақ суретті бөліскен адамдар оның сатира мақсатында жасалғанын жасырмаған. Дегенмен кей желі қолданушысы фотоны шынайы деп ойлап қалған болса керек.
Альберт Эйнштейн алты жасынан бастап скрипкада ойнаған. Фортепианоны да меңгерген.
“Мен үшін музыкасыз өмірдің мәні жоқ”, – деген Эйнштейн. Ол Моцарт пен Бах сияқты композиторлардың туындысын сүйіп тыңдаған. Физик бірнеше рет концертте өнер көрсеткен. Тіпті оның сүйікті аспабымен түскен фотосы көп. 2018 жылы физиктың скрипкасының бірі аукционда 516 000 долларға сатылды.
Әйгілі ғалым 1955 жылы АҚШ-та қайтыс болды. Ол кезде электр блюз жанры енді дамып, рок-н-ролл танымалдылықтың шыңына жеткен еді. Екі музыка жанры электрогитараның көптеп қолданылуына әсер етті. Алайда бірде-бір беделді басылым ұлы физиктың бұл музыка жанрына қызыққанын жазбаған. “Проверено” фактчекерлері де Эйнштейннің электрогитарада ойнағанын растайтын дәлел таппады.
Оның үстіне, фотоға мұқият қарап, гитараның Razer моделінен екенін байқауға болады. Peavey компаниясының бұл модельдегі өнімі 1983 жылы ғана нарықта сатыла бастады. Эйнштейн 1955 жылы қайтыс болған, сәйкесінше бұл гитараны қолдануы мүмкін.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.