Еуропарламент ЖИ әзірлеушілерінің авторлық құқықты сақтау мәселесін талқылады

Еуропарламент депутаттары жасанды интеллект арқылы жасалған жұмысты қадағалайтын шараларды қабылдауға дайындалып жатыр. Жаңа ереженің біріне сәйкес, әзірлеуші жасанды интеллектімен жұмыс істегенде авторлық құқықпен қорғалған материалды қолданса, оны ашық көрсетуі керек. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, алғашында бұл ереже болмаған, бірақ екі аптаға созылған талқылаудан соң шараның бірі ретінде бекітілді. Кей депутат біреудің интеллектуал меншігін пайдалануға тыйым салуды талап етті. Дегенмен соңында таңдау “ашық көрсетуге” түсті. Бұл авторлар мен әзірлеушілердің бірлесіп жұмыс істеуіне көмектеседі.

Қадағалауды күшейтуге қатысты консерватив тілек пен шамадан тыс реттеу қиялына қарамастан, парламент жасанды интеллектіні пропорционал түрде бақылауға, азаматтардың құқығын қорғауға, инновацияларды дамытуға және экономиканы ынталандыруға мүмкіндік беретін шешім тапты.

Svenja Hahn, Еуропарламент депутаты

Сонымен қатар Еуропарламент жасанды интеллект құралдарын қауіптілігіне байланысты жіктеуді ұсынды: қаупі аздан бастап, қолдануға келмейтініне дейін. Мұнда бақылау жүйесі, жалған ақпарат пен тыйым салынған тұжырымдарды тарату мәселесі қарастырылады. Дегенмен олардың ешқайсына тыйым салынбайды, тек ол ашық болуы керек. Жаңа заң жобасы талқылау кезеңіне өтті.

Factcheck.kz