Еуропалық Одақ жасанды интеллект туралы заң қабылдады

Еуропалық Одақ жылдам дамып келе жатқан ЖИ индустриясына инвестициялар мен инновацияларды ынталандыра отырып, 27 елдің азаматтарының «негізгі құқықтарын» қорғауға бағытталған әлемдегі алғашқы ЖИ актісін ресми түрде енгізді. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

ЖИ актісі бірнеше жыл бойы әзірленді және Еуропадағы жасанды интеллектіні басқару бойынша жан-жақты нұсқаулар береді. Заң ең әуелі америкалық ірі IT-компанияларға әсер етеді, бірақ технология саласына қатысы жоқ көптеген ұйымға да ықпалы бар. Мысалы, өз қызметінде
жасанды интеллектіні қолданатын компаниялар да жаңа ережелерге бағынады.

Шектеулер төрт тәуекел деңгейіне негізделген. Жол берілмейтін тәуекелді қолдануға тыйым салынады. Оған азаматтардың әлеуметтік рейтиң жүйелері, азаматтардың эмоцияларын тану технологиялары жатады.

Тәуекел деңгейі жоғары жүйелерге автоном көліктер, медицина құрылғылары, несие шешімдері жүйесі, білім беруді бағалау жүйелері және қашықтан биометриялық сәйкестендіру жүйелері кіруі мүмкін. Әзірлеушілерге қойылатын талаптар — дұрыс бағалау және тәуекелдерді барынша азайту, ауытқуларды азайту үшін жоғары сапалы оқу деректерін пайдалану, күнделікті әрекеттерді тіркеу, үлгілердің талаптарға сәйкестігін бағалау үшін уәкілетті органдарға егжей-тегжейлі құжаттаманы міндетті түрде ұсыну.

Шектеулі тәуекел жүйелерге қызметкерлерді бағалау үшін ЖИ қолданатын чат-боттар мен жүйелер жатады. Заңнамалық талаптарға ЖИ-ді пайдаланудағы ашықтық кіреді.

Көптеген ЖИ жүйелері тәуекел аз деңгейге жатады. Мысалы, оған контентті ұсыну, спам сүзгілері кіреді. Заң авторлары мұнда арнайы қауіпсіздік шараларын қажет деп санамайды.

Барлық ережелердің сақталып-сақталмай жатқанын Брюссельде орналасқан ЖИ кеңсесі бақылайды. ЖИ туралы заңның көптеген ережесі шамамен 2026 жылдары күшіне енеді. Генерати ЖИ жүйелеріне шектеулер заң күшіне енгеннен кейін 12 айдан кейін басталады және нарықта бұрыннан бар жүйелерде өз жүйелерін сәйкестендіру үшін 36 ай өтпелі кезеңде болады.

ЖИ-ға қатысты заңды бұзғандарға 35 миллион еуро айыппұл салынады немесе әлемдік жылдық табыс көзінің 7%-ін береді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz