Еуропада қайтыс болған адамның денесін шайырмен қатырып қоя ма?

Интернеттің орыс тіліндегі ресурстарында Еуропа тұрғындарының қайтыс болған туыстарына қатысты жазбалар мен фотолар пайда болды. Онда “еуропалық азаматтар қайтыс болған туыстарының денесін жерлемей, кремация жасамай, мөлдір шайырмен қатырып, кейін оны үстел ретінде қолданады” делінген. “Проверено” басылымы фотоны тексеріп көрді.

Бұл жазбалар 2023 жылғы жаздан бастап тарады. Ақпарат биыл ақпанда қайта шықты.

Еуропада қайтыс болған адамның денесін шайырмен қатырып қоя ма?

Бір жазбада қайтыс болған әжесінің денесін шайырмен қатырған бір отбасының суреті бар.

“Олар тіпті ата-бабасын құрметтемейді, жанының жай табуына мұрша бермейді”, – деп жазды бір қолданушы. Дегенмен мұндай әдісті жақтайтындар да бар екен. Олар осылай қайтыс болған адаммен жақынырақ физикалық байланыста болуға, оны естен шығармауға көмектеседі деп ойлайды.

Шайырдың ішінде қатырылған әженің суреті Х желісіне жарияланған. Фотоның түпнұсқасы емес, көбіне осы жазбаның скрині тарап жүр. Суретті Chris Ray Gun деген блогер жүктеген, бірақ ол фотоның авторы емес.

Фактчекерлер кері іздеу жүйесі арқылы суретті 2023 жылғы 19 маусымда Free Willie Urqs деген қолданушы жариялағанын білді. “Жақын адамдары әжені акрил шайырымен қаптап қойыпты. Әжеге жараса кетіпті”, – деп жазды ол. Оның посты 5 мың рет қаралған. Ал дәл сол сурет бар басқа пост 387 мың рет қаралды.

Бірақ 18 маусымда “Өрмекші адам”, “Кек алатындар: финал” сияқты блокбастерды түсірген маманның бірі Келли Порт бір сурет жариялап: “Сүйікті нәрсеңе акрил шайырын құю – әкелер күніне арналған таптырмас сый!”, – деп жазды. Жазба 12 миллионнан астам рет қаралған. Она әже емес, алып ит бейнеленген.

Еуропада қайтыс болған адамның денесін шайырмен қатырып қоя ма?

Осыған қарап, иттің орнына әженің суретін өңдеп салғанын түсінуге болады.

Оның үстіне, Snopes фактчекерлері Hive AI Detector, Illuminarty.ai және Fake Image Detector арқылы суретті тексеріп, оның жасанды интеллект арқылы жасалғанын анықтады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz