2023 жылғы қыркүйекте медиада “Урсула фон дер Ляйен 1945 жылы Жапонияға атом бомбасын Ресей тастағанын мәлімдеді” деген ақпарат тарады (1, 2, 3, 4). “Проверено” фактчекерлері Еурокомиссия басшысының осындай мәлімдеме жасап-жасамағанын тексерді.
Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова да Еурокомиссия басшысын жалған ақпарат таратқаны үшін айыптап, пост жазды. Оның жазбасы 540 000 рет қаралды.
20 қыркүйекте америкалық Atlantic Council сараптама орталығы ұсынған жаһандық азаматтарды марапаттау рәсімінде Еуропалық комиссияның басшысы сөз сөйледі. 2023 жылғы лауреаттардың арасында Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида болды. Фон дер Лейен оны марапаттар алдында сөйлеген еді. Оның айтқан сөзінің мәтіні Еуропалық комиссияның сайтында, ал бейнеролик ЕО атқарушы органының YouTube арнасында бар.
Ол лауреатты таныстыра отырып, Жапония премьер-министрінің Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына қарсы халықаралық іс-қимылда, соның ішінде осы көктемде Хиросимадағы G7 саммитін ұйымдастырудағы рөлін ерекше атап өтті. Еуропалық комиссияның басшысы Хиросима Кисиданың туған жері екенін де айта кетті:
Атом бомбасы Хиросиманы жермен-жексен еткенде көптеген туысыңыз қайтыс болды. Сіз тірі қалғандардың әңгімесін естіп өстіңіз. Ал сіз біздің сол әңгімелерді тыңдағанымызды, өткенге бет бұрғанымызды және болашақ туралы бірдеңе білгенімізді қаладыңыз. Осы соғыстың басынан бастап Жапонияның ұстанымы айқын болды. Сіз атом бомбасынан зардап шеккен жалғыз ел ретінде бүкіл әлемді тыңдата алдыңыз.
Кейін шенеунік медиада тараған, көпшіліктің наразылығын тудырған мәлімдемесін айтты. Ол ағылшын тілінде былай деді: «Бұл G7-нің маңызды бастамасы болды және мен оны, әсіресе Ресей тағы да ядролық қаруды қолданамын деп қорқытқанда ұмытпаймын”.
Ресей министрлігінің ресми өкілі оның сөзін дұрыс аударып тұр. Бірақ мәлімдеменің үзіндісін ғана жариялап, оның мәнін бұрмалап отыр. Шын мәнінде, Еурокомиссия басшысы Хиросиманы ресейлік әскерилер бомбалағанын айтқан жоқ. Ол тек Ресей шенеуніктері мен үгітшілерінің Украина мен басқа елдерге қарсы ядролық қару қолдануға шақырулары мен қоқан-лоқы фонында қалаға бару тәжірибесі ерекше эмоцияға толы болғанын айтты.
Әрине, Еурокомиссия басшысын ойын дұрыс жүйелеп, нақты айтпағаны үшін айыптауға болар. Дегенмен “ол Хиросимаға атом бомбасын Ресей тастады деп айтты” деуге де негіз жоқ.