Джо Байденнің әйелге тапанша кезеген фотосы шынайы ма?

2024 жылғы наурызда АҚШ президентінің бір фотосы тарады. Онда Джо Байден бір әйелдің аузына тапанша салып тұр. Snopes фактчекерлері суреттің қаншалық шынайы екенін тексеріп көрді.

Бұл фото 10 наурызда Х желісіне жарияланды.

Алайда сурет цифрлы технология арқылы жасалған.

TinEye жүйесі суреттің кем дегенде 2012 жылдан бері желіде жарияланғанын анықтады. Google кері іздеу нәтижесі оның Threads, 9GAG және YouTube сияқты әртүрлі әлеуметтік медиа платформасында тарап жатқанын көрсетті.

Фактчекерлер суреттің түпнұсқасын тапты. Онда тапанша жоқ. Фото Alarmy сайтына 2008 жылы жарияланған. Сипаттамасында былай делінген:

“Демократиялық партиядан вице-президенттікке кандидат сенатор Джо Байден, Д-Дель, сол жақта, Дирфилд-Бичтегі, Флорида штатындағы 87 жастағы Анналу Требицпен сейсенбі, 2 қыркүйек, 2008 ж. . (AP Фото/Вильфредо Ли)”.

Джо Байденнің әйелге тапанша кезеген фотосы шынайы ма?
Factcheck.kz