Бояудан бет терісіне безеу шыға ма?

Көпшілік арасында “бояу бетті, теріні бұзады, қабындырып жібереді” деген пікір бар. “Проверено” басылымы фактчекерлері мәлімдемені тексерді.

Бұл ақпарат бірқатар жерде де жарияланды (1, 2, 3).

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) мәліметі бойынша, акне немесе безеу түк фолликулы мен май бездерінің зақымданғанынан, бітелгенінен пайда болады. Безеу тестостерон деңгейінің жоғарылағанынан, әйелдердегі менструация цикліндегі гормонал ауытқу салдарынан, темекі шеккеннен шығады.

Ғалымдардың айтуынша, бояудың өзінен емес, оны дұрыс қолданбағаннан бетке акне шығуы мүмкін. Адам бетіне бояудың дұрыс текстурасын таңдап, жағуы керек. Оған қоса спонж бен бет бояуға арналған таяқшаларды жуып тазалап отырғаны жөн. Түнде макияжды толық сүртіп, бетті жуып барып қана ұйықтауы қажет. Жуылмаған бетке кір жинала береді, таңертең ол жастықта да қалып қалады. Ал кір жастықты жастанған адамның беті қабынуы ықтимал. Дермотолог Шорлотта Бирмбаунның айтуынша, адамның беті қаншалық кір затқа жанасса, соншалық бұзыла береді. Ал Америкалық дерматология ассоциациясының мүшесі Доктор Джессика Ву әр адам макияж сүртуге арналған жуғышты өз бетіне, терісіне ыңғайлап алуы керек екенін айтады.

Осы ережелерді дұрыс сақтаған адам қорықпай, күнде боянып жүре алады.

Factcheck.kz