Бішкектің әкімшілік соты Мәдениет министрлігінің Kloop сайтын бұғаттау туралы шешімдерін жарамсыз деп таныды

Бішкектің әкімшілік соты Қырғызстан мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің Kloop тәуелсіз ақпарат агенттігін бұғаттауға қатысты шешімін заңсыз деп таныды. Бұл туралы Kloopa сайты хабарлады.

Заңгер Нұрбек Сыдықов айтуынша, Бішкек қалалық соты әкімшілік сот шешімін қолдаса, Kloop сайты бұғаттан шығуы мүмкін. Ол сот шешімі сайттың орыс тіліндегі нұсқасына ғана қатысты екенін айтты.

Айта кетейік, Kloop сайтының орыс тіліндегі нұсқасы, былтыр қыркүйекте, ал қырғыз тіліндегі нұсқасы 2023 жылғы қарашада бұғатталды. Қырғызстан мәдениет министрлігі сайт “Саясаткер Равшан Жиенбеков өзін тергеу абақтысында азаптап жатқанын мәлімдеді” деген материалына байланысты бұғатталғанын айтты. Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет бұл материал “шындыққа жанаспайды және ҰҚМК беделіне нұқсан келтіреді” деп, редакцияның үстінен министрлікке шағым түсірген.

Оған қоса бұған дейін ішкектің Октябрь аудандық соты “Клооп Медиа” қоғамдық қорын жабу жөнінде шешім шығарған. Қордың қудалануына былтыр тамызда түсірілген прокурор Эмилбек Әбдіманаповтың арызы түрткі болған. Мемлекеттік айыптаушы “басылым материалдары билік беделіне нұқсан келтіреді” деп тапқан.

Сайт сот шешімімен келіспеді. Олар мұны “Қырғызстандағы сөз еркіндігіне бұрын-соңды болмаған қысым” деп атады.

Factcheck.kz