Бишімбаевтың ісі: прокурордың атынан фейк-парақша ашылды

Instagram желсінде экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісінде прокурор болған Айжан Аймағанованың атынан фейк-парақша пайда болды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

Прокуратураның мәліметі бойынша, әлеуметтік желіде “aijan.aimaganova” деген жалған парақша анықталған. Фейк-аккаунт 15 мыңнан астам оқырман жинап үлгерген. Парақшада Бишімбаев сотынан видео үзінділері мен мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың жеке суреттері жарияланған.

“Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз”, – деді прокуратура.

Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.

Factcheck.kz