Беделді медиаларды көшірген фейк-ресурстар анықталды

BBC, CNNC, CNN және тағы басқа беделді медиалардың сайтын көшірген 60-қа жуық фейк-ресурстың бар екені белгілі болды. Оның авторлары беделі сайттардың мақалаларының авторын көрсетпей, өз ресурсына көшіріп шығарған. Оларды Bleepingcomputer компаниясы зерттеуінде анықтады, деп хабарлады SecurityLab.

Зерттеу мәліметі бойынша, бұл желінің артында үндістандық оператор тұр. Ол сайттарды өзінің онлайн-казинолары мен басқа да құмар ойындарының SEO деңгейін көтеру үшін, пресс-релиздер мен өнімдерге шолу жасайтын ақылы материал жариялау үшін пайдаланған.

Мұндай алақтардың ресурсы көбіне спам арқылы тарайды және бір мақаланы 50$-ға, көп мақаланы 1$-дан жарнама ретінде жариялайды.

Оған қоса оператор сайттардың кейбірі үшін Facebook беттерін басқаратыны анықталды және оларды Google News арқылы нақты медиа ұйымдарына ұқсас баспагерлер етіп тіркеген болуы мүмкін. Зерттеуде аталған домендер кем дегенде 2022 жылдан бастап тіркелген, ал жаңаларының ішінде 2024 жылы қосылғандар бар. Барлық доменд WordPress-ті CMS жүйесін және ортақ One.com хостиң провайдерін қолданады.

Factcheck.kz