Баланы ернінен сүю қауіпті ме?

Көпшілік арасында “Баланы ернінен сүюге болмайды. Оған түрлі инфекция жұғуы мүмкін” деген мәлімдеме бар. Әлеуметтік желіде де Брайн деген қыздың оқиғасы тарап жүр. Сап-сау боп туған кішкентай қызды туысы ернінен сүйген соң, герпетикалық энцефалитке шалдығып, сал болып қалған деседі. Factcheck.uz-дағы әріптестеріміз ақпаратты тексерді.

Расында да, Брайлин деген қыз дені сау болып дүниеге келген. Алайда оны желшешекпен ауырған адам ернінен сүйіп алған. Сәбидің иммун жүйесі әлсіз болған соң, инфекция оның миына ықпал етіп, зиянын тигізген. Соның салдарынан қыз жүре де, сөйлей де алмайды.

Оған қоса интернетте осыған ұқсас бірқатар оқиғалар кездеседі (1, 2, 3).

Сонымен баланың ернінен сүю қауіпті. Себебі енді дамып келе жатқан иммун жүйесі сүйгеннен жұғатын түрлі аурумен күресе алмауы мүмкін. Бала мынадай ауруларды жұқтырып алуы мүмкін:

  • Респираторлық синцитиальды вирус (РСВ) бұл – тыныс алуды қиындататын және жүрек пен миға әсер ететін ауру. Ол физикалық байланыс немесе ауа-тамшылы арқылы жұғуы мүмкін.
  • Аллергия реакциялары;
  • Жаралар мен бөртпелерді тудыратын вирус;
  • Герпес.
Factcheck.kz