АҚШ-тың барлау қызметі “Гавана синдромына” қатысты тергеу нәтижесін жариялады

Америкалық бірқатар дипломат пен барлау қызметкерлерінен анықталған “Гавана синдромының” артында АҚШ-қа қарсы мемлекеттердің тұруы екіталай. Бұл туралы, тергеу нәтижелеріне сүйеніп, Ұлттық барлау қызметінің директоры мәлімдеді деп хабарлады “Голос Америки” басылымы.

АҚШ шенеуніктері бұл синдром жөнінде алғаш рет 2016 жылы Куба астанасы Гаванада хабарлаған. Синдром бас сақинасына, жүрек айнуына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына және бас айналуына әкеледі.

Қазір АҚШ агенттіктері мен департаменттерінен ауру жағдайына байланысты 1500-ге жуық хабарлама түскен.

Құпиялығы ашылған баяндамаға сәйкес, тергеу жүргізген жеті барлау агенттігі өз тұжырымдамасына әртүрлі деңгейде сенімді: үшеуі орташа және жоғары деңгейде “бұған шетелдік қарсыластың жауапты екені екіталай ” деп санаса, тағы үшеуі бұған орташа деңгейде, қалған екеуі төмен деңгейде сенеді.

“Сонымен бірге тергеушілердің тұжырымдары АҚШ мемлекеттік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығының шынайы проблемаларына күмән келтірмейді”, – деді Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс.

Factcheck.kz