Антикор мессенжерлер арқылы жалған ақпарат тарататын алаяқтар жөнінде ескерту жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенжерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді.

Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.

“Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз“, – деп жазды ведомство.

Factcheck.kz