Аноним автор ЖИ негізінде фейк шығаратын құрал ойлап тапты

Nea Paw деген лақап атпен танымал, киберқауіпсіздік жөніндегі аноним маман жасанды интеллект негізінде “дезинформация машинасын” әзірледі. Оны CounterCloud деп атады. Бұл туралы Cryptopolitan хабарлады.

CounterCloud авторы ChatGPT-дің мақала жазу әдісін қолданып, ЖИ моделін теріс ақпарат жазуға мәжбүрледі. Жасанды интеллект бұл манипуляция арқылы бір тақырыпқа әртүрлі екпін мен мағына беретін бірнеше нұсқадағы мәтінді жаза алады.

Nea Paw тәулік бойы шынға ұқсайтын, бірақ жалған контент жасауға қабілетті жасанды интеллект жүйесін екі айда жасаған.

Wired басылымының мәліметі бойынша, Nea Paw генараторды әзірлеуге 400$ жұмсаған. Автордың айтуынша, оның құралы күрделі пропаганда науқандарын құруды айтарлықтай жеңілдететінін көрсетеді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz