АҚШ-та ЖИ-ді қолданатын алаяқ көбейді

АҚШ-та адамдарды жалған дауыспен алдайтын алаяқтар көбейді. Олардың құрбандарының басым бөлігі — зейнеткерлер. Алаяқтар адамдарға жақындарыныкіне ұқсас дауыспен қоңырау шалып, қиындыққа тап болғанын айтып, ақша аударуын сұрайды. Бұл туралы The Washington Post хабарлады.

Федералдық сауда комиссиясының (FTC) мәліметінше, 2022 жылы 5 100-ден астам телефон алаяқтықтары тіркелген, ал жалпы шығын 11 миллион долларға жетті.

Басылымның хабарлауынша, жасанды интеллектің кейінгі жаңалықтары алаяқтарға айласын жүзеге асыруды жеңілдеткен. Енді олар өзгенің даусының қысқа бөлігінен-ақ оны айнытпай сала алады. Қазір жасанды интеллект базасында аудиофайлды көшіріп, түрлендіретін арзан құралдар көбейген: олар сервис қолданушысы жазған мәтінді аудиофайлдағы дауыспен дыбыстауға мүмкіндік береді.

FTC өкілі Уилл Максон журналистерге мұндай алаяқтарды бақылау, ұстау қиын екенін айтады. Өйткені олар телефонды әлемнің кез келген жерінде қолдануы мүмкін.

Factcheck.kz