АҚШ-та сот ЖИ арқылы жасалған видеоны дәлел ретінде қолдануға тыйым салды

АҚШ-тағы Уашиңтон штатының сот төрешісі адам өлтіруге қатысты істе жасанды интеллект арқылы жасалған видеоны дәлел ретінде пайдалануға тыйым салды. Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім елдегі алғашқы заңды мұндай жағдай болуы мүмкін, деп хабарлады NBC News.

2021 жылы Сиэтлдегі бар алдында оқ жаудырып, үш адамды өлтірді және тағы екі адамды жаралады деп айыпталған адамның адвокаттары сотқа жасанды интеллект арқылы өңделген ұялы телефон бейнелерін ұсынуға тырысты. Айыпталушы Джошуа Пулока өзін-өзі қорғағанын алға тартқан.

Атыс ұялы телефон камерасына түсіп қалған. Прокурорлардың айтуынша, видеоны жақсарту үшін Пулоканың адвокаттары бұрын қылмыстық іс жасамаған адамға видеоны монтаждап жасатқан.

Ол қолданған бағдарламаны Техастың Topaz Labs компаниясы әзірлеген. Оны киностудиялар мен басқа шығармашылық бейне мамандары пайдаланады.

Topaz Labs өкілі мәлімдемесінде компания өз технологиясын сот-медициналық немесе заңды мақсаттарда пайдалануға қатаң тыйым салатынын айтты.

Прокурорлардың айтуынша, жақсартылған бейне бастапқы бейнеде түсірілген өлшемді, пішінді, контурларды және түстерді көрсетуден гөрі кескіндерді анық емес еткен. “Өңделген сурет нақты емес, жаңылыстыратын және сенімсіз болды”, – делінген құжатта.

Сотта видео-маман Грант Фредерикс өңделген видеода түпнұсқада жоқ көрнекі ақпарат бар екенін айтады.

“Жасанды интеллект арқылы жасалған видеода әрбір пиксель жаңа, сондықтан бейне қарапайым адамдарға жақсы болып көрінуі мүмкін, бірақ ол иллюзия және түпнұсқадағы оқиғаларды дәл көрсетпейді”, – деп жазды Фредерик мәлімдемесінде.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz