АҚШ Конгресі ChatGPT-ді жұмыста қолдануға шектеу енгізді

Өкілдер палатасы (АҚШ Конгресінің төменгі палатасы) ChatGPT жасанды интеллектісінің негзініде жасалған чат-ботын қолдануға қатысты шектеу енгізіп жатыр. Бұл туралы Axios хабарлады.

Енді олар ChatGPT Plus чат-ботының ақылы нұсқасын ғана пайдалануы керек. Бұл жөнінде палатаның бас әкімші директоры Кэтрин Л. Шпиндор қызметкерлерге жолдаған хатында жазды.

Құжат авторының сөзінше, чат-боттың тегін түріне қарағанда 20 доллар тұратын нұсқасы “Палата өкілдерінің деректерін қорғайды және оны құпия сақтайды”.

Қызметкерлер чат-ботты зерттеу және бағалау үшін ғана пайдалана алады, бірақ оны күнделікті жұмыс процесінде қолдануға құқығы жоқ.

Сонымен бірге жүйеге «құпия емес» деректерді ғана енгізуге рұқсат етіледі, яғни чат-ботқа әлі көпшілікке жарияланбаған ақпаратты салуға болмайды.

Өкілдер палатасының мүшелеріне ChatGPT-дің тегін нұсқасынан басқа да нейрон желілерін қолдануға тыйым салынды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz