Адам етін сататын дүкен: фотоны тексереміз

Интернетте супермаркет сөрелерінде тұрған еттің фотосы тарады. Бір қызығы, онда адам қолының еті тұр. Reuters фактчекерлері фотоның қайдан шыққанын тексеріп көрді.

Facebook-та бұл сурет мынадай сипаттамамен тарап жүр: “Базарда адам еті сатылып жатыр”.

Адам етін сататын дүкен: фотоны тексереміз

Адамдар жазбаның астына көп пікір жазған. Кейбірі бұл суреттің қаншалық шынайы екенін сұраған.

Фактчекерлер бұл суреттің алғаш 2024 жылғы 19 наурызда Facebook-тағы Nik Art деген парақшаға “Адам етін сататын дүкен” деген жазумен жарияланғанын анықтады. Дегенмен парақша мен жазбаның сипаттамасында оның “өнер туындысы” екені жазылған.

Бұл парақшаны жасанды интеллект арқылы контент жасайтын Ладислав Кудела жүргізеді. Ол дәл осы суреттің Midjourney арқылы жасалғанын айтты.

“Көбі менің парақшамдағы контенттің жасанды интеллект арқылы жасалатынын білмейді”, – деді ол.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz