Желіде Цукерберг туралы фейк тарады

Желіде Meta компаниясының негізін қалаушыcы Марк Цукербергтің 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі қайғылы оқиғаға қатысты жазған жазбаның скриншоты тарады. Reuters агенттігі жазбаның қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Скриншотта Цукербергтің атынан «Ескерту: 11 қыркүйек бұл жерде болмады!» деп жазылған. Иллюстрацияда Дүниежүзілік сауда орталығының алдындағы Цукербергтің суреті қойылған.

Желіде Цукерберг туралы фейк тарады
Желіде тараған сурет

Дегенмен, Цукерберг жазба түпнұсқасын өзінің Facebook парақшасында жариялаған. Бұған қоса постта Дүниежүзілік сауда орталығы емес, Эйфель мұнарасы көрсетілген.

Жазбаның түпнұсқасында: “Бүгін Франция мен Испанияда Horizon Worlds-ті іске қосамыз! Мен әлемді зерттейтін адамдармен кездесуді және біраз елге ойынды таныстыруды асыға күтемін!” делінген.

Контекст  

  • Жақында әлеуметтік желіде Марк Цукербергтің әйелі Присцилла Чанмен бірге кетіп бара жатқан суреті тараған. Суреттегі Марк Цукербергтің жейдесінде «сіздің телефоныңыз тыңдалады және бұл паранойя емес» (your phone is listening and it’s not paranoia) деп жазылған. Factcheck.kz фотоның алғаш рет қашан түсірілгенін және қаншалықты сенімді екенін тексерді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz