Meta ЖИ арқылы жасалған Instagram және Facebook-тегі суреттерге арнайы белгі қоймақ

Meta жасанды интеллект арқылы жасалған Facebook, Instagram және Threads желісіндегі барлық суретке арнай белгі қоймақ. Осылай, олар қолданушыларды алдағысы келетін адамдар мен ұйымдарды анықтайтынын айтады. Бұл туралы The Guardian компания блогына сілтеп хабарлады.

Meta компаниясы жасанды интеллект арқылы жасалған фотоларға қазірдің өзінде көзге көрінбейтін арнайы белгі қойылады. Дегенмен компанияның жаһандық байланыс жөніндегі президенті Ник Клегг Meta бәсекелес жүйелердегі суреттерді де таңбалайтынын мәлімдеді.

“Адам жасаған және синтетикалық контенттің айырмашылығы бұлыңғыр болғандықтан, адамдар олардың арасындағы шекараны білгісі келеді”, – деді Клегг.

BBC-дің мәліметі бойынша, Meta-ның құралы аудио және видео-контентпен жұмыс істемейді. Компания оның орнына пайдаланушылардан өзінің аудио және бейне хабарламаларын белгілеуді сұрайтынын және «олар мұны орындамаса, айыппұл салуы мүмкін» екенін айтады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz