Желіде Цукерберг жайлы фейк фото тарады

Жақында әлеуметтік желіде Марк Цукербергтің әйелі Присцилла Чанмен бірге кетіп бара жатқан суреті тараған. Суреттегі Марк Цукербергтің жейдесінде “сіздің телефоныңыз тыңдалады және бұл паранойя емес” (your phone is listening and it’s not paranoia) деп жазылған. Factcheck.kz фотоның алғаш рет қашан түсірілгенін және қаншалықты сенімді екенін тексерді.

Желіде Цукерберг жайлы фейк фото тарады
Желіде тараған сурет.

Үкім: Фейк

Желіде тараған суреттің оригинал нұсқасы мүлдем басқа және “сіздің телефоныңыз тыңдалады және бұл паранойя емес” деген жазу жоқ. TinEye дерегінше, фото алғаш 2010 жылы қазанда Цукерберг әйелі Присцилла Чанмен Калифорния штатындағы Пало-Альтодағы фермерлер базарында жүргенде түісіріліп, жарияланған.

Желіде Цукерберг жайлы фейк фото тарадыЖеліде Цукерберг жайлы фейк фото тарады
Желіде тараған сурет пен түпнұсқаны салыстырып көріңіз.

Контекст

  • Бұрындары әлеуметтік желіде Марк Цукербергтің дипфейк видеосы тараған. Видеода Цукерберг Meta компаниясының құпия ұйымның арқасында жетістікке жеткенін айтқан. Компания өкілдері бұл видеоны желіден өшірмейтінін хабарлаған.
  • Бұдан бөлек коронавирус пандемиясы кезінде Цукерберг “COVID-19-ға қарсы вакцинаның адам ДҢҚ-сын өзгертетінін айтты” деген жалған ақпарат тарады. Voxukraine.org бұл туралы фактчек материал жариялаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz