Facebook инстаграмдағы Цукербергтің фейк видеосын өшірмеді 

Facebook компаниясы Instagram-дағы Марк Цукербергтың фейк видеосын өшірмейтінін хабарлады. Видеода Цукерберг компаниясының құпия ұйымның арқасында жетістікке жеткенін айтқан еді. Бұл жайлы ВВС-дың орыс қызметі хабарлады. 

Бұл видео deepfake («дипфейк»)Мұндай видеолар жасанды интеллектің көмегімен жасалады. Дипфейк жасаушылар шын адамның суретін қолданып, соның негізінде өздері қалаған сөздерді айтқызып, жалған видео дайындайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bill Posters (@bill_posters_uk)

Жақында Facebook АҚШ конгрессінің палата өкілдерінің спикері Нэнси Пелоси “мас күйінде” түскен видеосын(видео өңделген) бұғаттаудан бас тартқан. Бұл іс-әрекеті үшін компания сынға ұшырады. 

Компания платформаларындағы жалған ақпаратты автоматты түрде анықтайтын арнайы бағдарлама дайындап жатқанын мәлімдеді.

Оның үстіне Facebook компаниясы қызметкерлеріне қауіпті ақпаратты зерттеуге көмектесетін арнайы бағдарлама дайындауда. 

Цукербергтың дипфейк видеосы арт-жобалар аясында жасалып, британдық Шеффилд қаласында көрсетіледі. Жобаның мақсаты әлеуметтік желі арқылы адамдардың санасымен оңай манипуляция жасауға болатынын көрсету.

Инстаграмда тараған видеода Цукербергтың суретін оның 2017 жылы Калифорниядағы Facebook кеңсесінде сөз сөйлеген видеосына қосып, өңдеген. Жалған Цукербергтың орнына жалданған актердың даусы жазылған.   

Он алты секундтық видео сенбі күні инстаграм әлеуметтік желісіне жүктелді. Алайда, интернет қолданушылар видеоны Motherboard сайты хабарлағаннан кейін көрді. 

Сайттын хабарлауынша даусын өшіріп тастаған кезде видеоның шынайын екеніне сеніп қалу оңай. Алайда, даусын қайта қосқан кезде жалған екені бірден анықталады.

Instagram-да бұл видео #deepfake ілмегімен жарияланды.

Factcheck.kz