ЖАЛҒАН | Ешбір заңнамада өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесі анықталмаған – Косарев

Биылғы жылдың 11 қазанында ҚХКП партиясынан тізім бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Владимир Косаревтің ҚР Премьер-министрі атына жолданған депутаттық сауалында “Ешбір заңнамада өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар мәртебесі анықталмаған (мәлімдеме қазақ тіліне аударылды: түпнұсқа орыс тілінде)”, – деген мәлімдеме жасаған болатын.

ЖАЛҒАН | Ешбір заңнамада өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесі анықталмаған - Косарев
www.parlam.kz/ru/blogs/kosarev сайтынан скрин

Үкім: Жалған

Владислав Борисовичтің мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. 2016 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасында №482-V ҚРЗ “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңы қабылданды.

Депутаттың айтып отырған “өзін-өзі жұмыспен қамтығандар” мәртебесі туралы осы Заңның 1-бабы 29-тармақшасында  былай деп көрсетілген:

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар;

Заңның толық мәтінін сілтеме бойынша оқи аласыздар.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz