Медведев ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады ма?

Желіде Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) “Украина әскерін Ресей аумағынан шығаруға” көмек сұрағаны туралы құжаттың суреті тарады.

Медведев ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады ма?
Желіде тараған фото

Үкім: Фейк

Біріншіден, ҰҚШҰ бұл ақпаратты ҚазТаг редакциясының сауалына берген жауабында терістеді. Екіншіден, ҰҚШҰ Жарғысының 8-бабына сәйкес, ұйымға мүше мемлекеттер әр елдің шекара аумағында әрекет ете алады. Қазақстан басшылығы ЛХР, ДХР секілді аумақты мойындамайтындықтан, Ресей өз аумағына қосқан жерлерге қатысты шиелініске араласпайды.

Интернетте фотодағы бланкке ұқсас суреттер табылды. Фейк таратушы “құжат” жасауда желідегі бланктерді қолданған болуы мүмкін, өйткені ондағы шығыс нөмірі, штрих-кодтар ұқсас. Ал Медведевтің қолын ашық дереккөздерден табуға болады.

  • Медведев ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады ма?
  • Медведев ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады ма?
  • Медведев ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады ма?

Контекст

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ресей-Украина қақтығысына араласпайтынын мәлімдеді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz