Роскомнадзор ресейлік фактчекиң ресурсты бұғаттады

Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар федералды қызметі (Роскомнадзор) “Проверено. Медиа” ресейлік фактчекиң ресурсының елдегі қызметіне шектеу қойды. Бұл туралы редакция редакторы Илья Бер хабарлады.

Ресей мемлекеті Проверено. Медиа — рунеттегі алғашқы және жалғыз фактчекиң сайтын ресми мойындады, құттықтап қойыңыздар. Дұрыс түсінсем, сайт бас прокуратураның шешімімен бұғатталды. Кездейсоқ тексеру көрсеткендей, бұғаттау Ресейдің барлық жерінде емес, бірақ бұл көпке созылмайтын сияқты.

Илья Бер, “Проверено. Медиа” сайтының редакторы

Енді Ресей азаматтары ресурс материалдарын Telegram арнасынан немесе VPN қызметін пайдалану арқылы ғана оқи алады. Дегенмен сайт Қазақстан аумағында істеп тұр.

Украинадағы соғыс пен «Ресей армиясына қатысты фейктер» туралы қылмыстық іс пайда болғаннан кейін Кремль «арнайы әскери операция» деп санайтын соғыс туралы ақпарат жариялайтын сайттарды жиі бұғаттайтын болды.

Роскомнадзор тек ресейлік емес, қазақстандық сайттарды да бұғаттайтын айтып қорқытқан. Мысалы, бұған дейін олар Vlast.kz, Informburo.kz, NewTimes.kz, Ratel.kz интернет-редакцияларына Украинадағы соғыс туралы материалдарын өшіруді талап еткен.

Factcheck.kz