Дубайдағы Хэллоуинге арналған дрон шоуы туралы видео рас па?

Жақында желіде Дубайдағы Бурж-Халифаның жанында алып қанқа бейнеленген видео тарады. Бұл Хэллоуин мерекесіне орай, дрон арқылы жасалған шоу деседі. “Проверено” басылымы бейненің қаншалық шынайы екенін тексерді.

Видеоның ұзақтығы — 8 секунд. Ол бірқатар жерде жарияланды (1, 2, 3, 4).

Алайла бұл видео күмәнді. Біріншіден, интернетте тек осы бір ролик тарап жүр. Шынымен, сондай шоу болса, Дубай тұрғындары мен туристері оны түрлі ракурстан түсіріп, желіге жариялайтын еді. Екіншіден, Бурж-Халифамен бірдей қаңқа көпшіліктің назарын аудартатыны сөзсіз, бірақ тарап жүрген видеода бейнеленген адамдар мән бермей, жайбарақат кетіп бара жатады.

Үшіншіден, зәулім ғимараттың Instagram-дағы ресми аккаунтында Бурдж-Халифа маңында өтіп жатқан шоулар мен басқа да оқиғалардың фотосы, видеосы жиі жарияланады, бірақ онда дрондардан жасалған алып қаңқа шоуы туралы ешқандай ақпарат шықпаған. Төртіншіден, дүниежүзіндегі ең биік ғимараттың жанында дрон ұшыруға тыйым салынған. Мұндай шоуды ұйымдастыру үшін Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық авиациясының бас басқармасынан рұқсат алу керек. Бесіншіден, мамандар видеоның шынайы емес екенін айтады. Дрон шоуларына маманданған америкалық Sky Elements компаниясының бас ұшқышы Престон Уордтың сөзінше, видеода көрсетілген қаңқа өте тез қозғалады, ал дрон бұлай істей алмайды.

Дегенмен бұған дейін Geoscan компаниясы осыған ұқсас дрон шоуларын ұйымдастырған. Мысалы, мысалы, 2022 жылы Дубайда ат жарысынан өткен әлем кубогында немесе Ыстанбұлдағы Константинопольдің алынуының 568 жылдығын мерекелеуде жасаған. Бірақ компанияның ресми сайтында Дубайда қаңқа жасағаны туралы ақпарат жоқ.

Кейде Geoscan компаниясы болашақта болуы мүмкін деген шоуларды компьютер анимациясы арқылы жасап, жариялайды. Кейбір адам оны шынға балап, таратып жатады. Қаңқа бейнеленген дрон шоу да компьютер анимациясы арқылы әзірленген болса керек.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz