Анджелина Джоли “Израильге қарсы бірігуіміз керек” деген бе?

2023 жылғы 20 қарашада Х желісінің қолданушысы Анастасия Мария Лупис Анджелина Джолиға қатысты бір мем-жазба жариялады. Онда актриса “Араб пен мұсылмандар террорист емес. Әлем Израильге қарсы бірігуі керек деп айтты” деседі. Snopes фактчекерлері деректі тексеріп көрді.

Анджелина Джолиға қатысты мұндай мемдердің тарап жүргеніне біраз болды. Мысалы, 2015 жылы Twitter-ге де осыған ұқсас ақпар шыққан.

Анджелина Джоли "Израильге қарсы бірігуіміз керек" деген бе?

Фактчекерлер Анджелина Джолидің мұндай мәлімдеме жасап-жасамағанын растайтын ақпарат таппады. BBC журналисі Шаян Сардаризаде алғаш болып бұл цитатаның фейк екенін айтты.

Шын мәнінде, 2023 жылғы 28 қазанда Анджелина Джоли Instagram желісіне жазба жариялады. Онда ол 7 қазандағы Хамастың Израильге жасаған шабуылын «террор актісі» деп атады және ол барымтаға алынған әрбір адамның тез және аман-есен оралуы үшін дұға етіп жатқанын айтты. Ол сондай-ақ ХАМАС шабуылы «Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды бомбалау нәтижесінде қаза тапқан жазықсыз адамдардың өмірін ақтай алмайтынын» айтты және “адамзат тез арада қатысты тоқтатуы керек” деп мәлімдеді.

Factcheck.kz