Иттерге арналған көрмеде Украина гимні қосылғаны рас па?

2023 жылғы ақпанда желіде америкалықтардың иттерге арналған көрмесінде Украина гимні қолданылғаны туралы хабарлама тарады. “Проверено” басылымы фактчекерлері дәлел ретінде көрсетілген видеоны тексерді.

Кей жазбада укрианалық гимннің көрме басталғанға дейін қосылғаны жазылған. Осылайша вирустық бейне бірқатар жерде жарияланды (мұнда, мұнда, мұнда және мұнда).

Америкалық ит бағушылар клубының ресми сайтының ақпаратына сүйенсек, кейінгі жылдары көрме желтоқсанда өткізіліп жүр. Ал көпшілік арасында тараған видеоның 24 ақпанда, Украинадағы соғысқа тура бір жыл болғанда жарияланғаны қызық.

Фактчекерлер тараған видеоның өңделгенін анықтады: бейнені 2018 жылы өткен көрменің трансляциясының үзінділерін қиып алып жасаған. Оған қоса үстінен украиналық гимнді қосқан. Алайда түпнұсқа видеода Украинаның гимні болмаған, онда тек жүргізушілер мен көрерменнің даусы естіледі.

Оған қоса фактчекерлер видеоны 2023 жылғы 24 ақпанда бірінші болып Telegram-дағы “Шейх Тамир” арнасы жариялағанын анықтады. Арна бұған дейін екі рет фейк ролик жүктеген. Мысалы, олар америкалық арнаның Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзінің орнына иттердің күлкілі видеосын көрсеткенін, Мадонна жаңа клипінде шахмат тақтасындағы Украина туымен түстес фигураны құлатқанын хабарлаған. Дегенмен екі видео да монтаждалған болып шықты.

Factcheck.kz