Швейцарияда энергия тапшылығынан электромобильдерге тыйым салынатыны рас па?

Әлеуметтік желіде Швейцарияда энергияны үнемдеу үшін электромобильдерге тыйым салынуы мүмкін деген ақпарат таратады. Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері деректің қаншалықты рас екенін тексерді.

Швейцария қазір энергияны үнемдеу шараларын, оның ішінде электр көліктеріне тыйым салуды қарастырып жатыр“,-деп жазды австралиялық Instagram қолданушы. Сонымен бірге ол британиялық Daily Mail газетінің сайты MailOnline-дегі журналистік материалды бөліскен. Материал тақырыбы: “Швейцария энергетика дағдарысы жағдайында локдаун, көптеген шектеу енгізді, соның ішінде электромобильдерге тыйым салуды ұсынады“.

Мақалада осы қыста энергия таусылса, үкімет маңызы жоқ сапарлар үшін электромобильді пайдалануға тыйым салатыны жазылған.

Швейцарияның Федералды кеңесі 23 қарашада электр тапшылығы мәселесін талқылау үшін жиын өткізді. Сонымен қатар Швейцарияның Федералды экономика департаментінің (экономика министрлігі) өкілі AFP-ке елде электромобильдерге тыйым салынбағанын және ондай жоспардың жоқ екенін айтты. Маркус Спурндлидің сөзінше, ұсынылған жобаға сәйкес, ерікті энергияны үнемдеуге шақырулар немесе жұмсақ шектеулер тиімсіз болса, яғни ең нашар жағдайда ғана электромобильдерге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ол агенттіктің поштасына жолдаған хатында жазған.

Федералды статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Швейцарияда 110 700 электромобиль тіркелген, бұл — елдегі барлық жеңіл автомобильдің 2,3%-і.

Жергілікті автокөлік импорттаушылар қауымдастығының өкілі Кристоф Вольник 21 желтоқсанда AFP-ке Швейцария үкіметі электр қуаты жетпеген жағдайда жеке электромобильдерді пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отырғанын айтты. “Біз швейцариялық автокөлік импорттаушылар қауымдастығы бұл идеямен келіспейміз және бұған бірден өз реакциямызды білдірдік. Енді үкімет бұл ұсынысын қайтып алып, оны жүзеге асырмайды деп үміттенеміз“,-деді ол электрон хатында.

Ал Федералды экономика департаментінің өкілі Маркус Спурндли жаңа ережелер жобасы қайта қаралып жатқанын және оларды 2023 жылдың алғашқы екі айында қабылдау жоспарланғанын мәлімдеді.

Factcheck.kz