Орал туралы аңыз бен ақиқат

Ел арасында «жасыл аймақ», «таза қала» статусын алған Орал туралы біраз аңыз бар. Мысалы, «халқы орыстанып кеткен, тарихи ғимараты көп, діни бірлестіктің отаны» деген сипаттамаларды жиі естиміз. Оның рас-өтірігін Factcheck.kz анықтады.

Орал – ең экологиялық таза қала

Үкім: Жалған

БҚО-ның экс-әкімі Алтай Көлгінов «Орал – ең экологиялық таза қала» деген болатын. Бұл ақпарат factcheck.kz порталында тексерілді. Нәтижесінде ол факт фейк боп шықты. «Қазгидромет» РМК аймақтың жағдайы туралы ақпараттық бюллетенінің 2019 жылдың тамызындағы соңғы мәліметіне сүйенсек, ластану индексі бойынша Оралдың көрсеткіші – 3 балл. 2018 жылы индекс 2 балл болған. Бұл ластану деңгейінің артқандығын білдіреді.

Орал – тарихи ғимараттарға бай қала

Үкім: Шындық

Ерте орта ғасырда Оралдың орнында қала болғаны туралы алғашқы мәліметтер бар. Бұл 2001 жылы археологиялық қазбалар нәтижесінде расталған. Тарихи ғимараттар тізімі төмендегідей:

  • Михаил Архангел шіркеуі (1740 ж)
  • Итальян сәулетшісі Дельмединоның үйі (1821-1831 жж)
  • Христос Спаситель шіркеуі (1841 ж)
  • Штраус дәріханасы (шамамен 1868 ж)
  • Пугачев болған Кузнецовтардың үйі, қазір Емелян Пугачев музей-үйі  (XYIII ғ. ортасы шамасында) 
  • Дмитрий Фурманов және Бақытжан Қаратаев тоқтаған үй (бұрынғы «Ресей» қонақ үйі, 1889 ж)

Орал таулары Оралда

Үкім: Жалған

Таулар Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы Қарашоғыр станциясынан батысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан. Бұл Оралдан 707 шақырым жерде.

Орал туралы аңыз бен ақиқат

Орал таулары — Шығыс Еуропа және Батыс Сібір жазықтары арасындағы тау жүйесі. Орал тауларының алты биік нүктесі бар. Ресейден бастау алған таулардың Қазақстанға етегі ғана кіреді. Еліміздегі нүктесі Боқтыбай деп аталады.

Орал халқының басым бөлігі — орыстар

Үкім: Жалған

Статистика комитетінің дерегінше, Оралдың халық саны – 309 454, оның 209 445 – қазақтар, 85 554 – орыстар, қалғаны өзге ұлт өкілдері.

Батыс Қазақстанда діни бірлестіктер көп

Үкім: Жалған

Статистика комитетінің мәліметінше, қазірде Түркістан облысы — ең көп діни бірлестігі бар өңір (755), ал Атырау облысы бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында (43). БҚО-да діни бірлестіктер саны — 78.

Төмендегі кестеде соңғы үш жылдағы діни бірлестіктер статистикасы көрсетілген.
хат-қосымша-1

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz