Microsoft ЖИ-ді бақылайтын мемлекеттік агенттікті ашуға шақырды

Microsoft АҚШ және басқа елдерді жасанды интеллект технологиясын бақылау үшін мемлекеттік агенттік ашуға шақырды. Жақында Microsoft президенті Брэд Смит жасанды интеллектіні реттеуге арналған компанияның 41 беттік ұсыныс есебін жария етті. Бұл туралы PCmag жазды.

Смиттің айтуынша, жасанды интеллектіні қазір бар агенттіктер мен сот арқылы реттеуге болады, бірақ болашақта олармен дамып кеткен және адамнан тәуелсіз болатын жасанды интеллект бағдарламасын қадағалау қиынға соғады.

«Онда жаңа мемлекеттік агенттік енгізетін жасанды интеллект базасының үлгілері үшін жаңа заңдар мен ережелерді әзірлеу қажет», – деді Смит.

Смит қуатты жасанды интеллект жүйесін реттеу үшін жаңа заңдар ғана емес, білікті деректер орталығына технологияның жаңа түрлерін қосуға мүмкіндік беретін лицензиялар қажет екенін айтады. Оның сөзінше, лицензиялар операторға резерв көшірмелерді жасау міндеттемесін жүктеп, елдің маңызды инфрақұрылымын қамтамасыз етеді. Оған қоса жасанды интеллект бағдарламасы істен шыққанда адамдарға араласуға мүмкіндік береді.

Factcheck.kz