Google дипфейк-суреттерге арнайы белгі қоймақ

Дипфейк-суреттер, жасанды интеллектінің өнімдері күннен-күнге үлкен мәселеге айналып бара жатыр. Осыған байланысты Google компаниясы SynthID деген құрал ойлап тапты. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

SynthID суретке арнайы цифрлық белгіні қоюды шешті. Компанияның мәлімдеуінше, бұл – фейк және жалған ақпаратпен күресудің, оны бақылаудың маңызды қадамы.

Дипфейк-суреттерге арнайы белгі қою әдісі бұған дейін де қолданылған. Дегенмен бұрын белгі көрініп тұратын. Сондықтан кез келген адам оны өңдеп, өшіріе алатын.

Ал SynthID құралының жасаған арнайы белгісін адамдар көре алмайды, сәйкесінше жалған ақпарат тарату үшін оны әдейі өшіре де алмайды. Арнайы жүйелер де оның дипфейк екенін бірден анықтай алады.

Әзірге жаңа құрал Google-дың Imagen деген генератив нейрон желісінде ғана қолжетімді. Басылымның мәліметінше, болашақта Google технологиясын Midjourney, Stable Diffusion және DALL-E сияқты ірі нарық ойыншыларымен бөлісуі мүмкін.

Google ресми уеб-сайтында SynthID кескін сапасын бұзбайтынын мәлімдеді. Оған қоса суретке фильтр, эффект қосылса да, жүйе арнайы белгіні анықтай алады. Сонымен қатар арнайы цифрлық белгі тікелей суреттің пикселіне енгізілетіні айтылған.

Factcheck.kz