АҚШ ЖИ арқылы жасалған робоқоңырауларды заңсыз деп таныды

АҚШ жасанды интеллект арқылы жасалған дауыстарды қолданатын робоқоңырауларды заңсыз деп таныды. Бұл туралы “Америка даусы” хабарлады.

Басылымның мәліметі бойынша, өткен айда Нью-Гэмпширде әлдекім АҚШ президенті Джо Байденнің даусын салып, қоңырау шалып, өзіне дауыс бермеуін сұраған.

Федералдың байланыс комиссиясы (FCC) жасанды интеллект арқылы жасалған дауыстар жасанды болғандықтан, ұялы байланыс тұтынушыларын қорғау туралы заңды бұзады деп бірауыздан шешім қабылдады.

Бұл шешім робоқоңырауларды заңсыз деп таниды және оны қолданғандар жауапкершілікке тартылады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz