Отбасының әл-ауқатын анықтау әдістемесі: бұл не және не үшін керек?

2023 жылғы 10 мамырда еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Ашық НҚА сайтында отбасының әл-ауқатын анықтау әдістемесі жобасын ұсынды. Жобаға сәйкес, әр отбасының әл-ауқаты бірнеше көрсеткіш негізінде анықталады (табысы, тұрғын үйі, несиесі) және соған сәйкес баллдар беріледі. Жиналған баллдарға байланысты қазақстандықтар мен олардың отбасы бес категорияға бөлінеді: төтенше жағдайдан берекелі отбасы дегенге дейін. Құжат 24 мамырға дейін ашық талқылауда болды. 29 маусымда экс-еңбек министрі Тамара Дүйсенова әдістемені қабылдады.

Жобаның пайда болуы қазақстандықтардың екіұшты ойын туғызды (1, 2). Олардың пікірінше, мемлекет қандай да бір материалды игіліктердің болу-болмауына қарай баллдарды қосу немесе алып тастамауы керек. Сонымен қатар қарсы шыққандар арасында мұндай әдістеменің азаматтардың конституциялық құқығын бұзатынын алға тартатындар да бар. Басқалары отбасынан баласын тартып алады дейді. Factcheck.kz редакциясы қолда бар ақпаратты зерттеп, бұл әдістеме қалай қолданылатынын, оның қазақстандықтардың өміріне қалай әсер ететінін зерттеп көрді.

Отбасының әл-ауқатын анықтау әдістемесі деген не?

Отбасының әл-ауқатын анықтау әдістемесін еңбек министрлігінің мамандары БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақсстандағы сарапшыларымен бірге Алкир-Фостер математикалық моделі негізінде жасады. Соның көмегімен мемлекеттік органдар отбасыларды оның цифрлық картасы арқылы әлеуметтік әл-ауқат деңгейіне бөледі. Бұл карта азаматтардың табысы, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі, отбасы құрамы, несиесі секілді түрлі ақпаратты қамтитын мемлекеттік органдардың деректер базасы саналатын «Smart Data Ukimet» аналитика жүйесімен интеграцияланған. Жүйеге тек мемлекеттік органдар қол жеткізе алады. Әл-ауқаты төмен отбасы анықталған соң, оған 1414 орталығынан әлеуметтік қолдау ала алатыны туралы SMS-хабарлама келеді. Сонымен қатар онда тағайындаудан бас тартуға не келісуге болады. Келіскен жағдайда, заңнамаға сәйкес кепілдік немесе көмек беріледі. SMS-хабарлама болмаған жағдайда азаматтар онлайн қызметті «Азаматтарға арналған электронды үкімет» сайты арқылы тапсырыс бере алады.

Деректерге келсек, еңбек министрлігі азаматтардың деректері құпия болады деп сендірді:

Цифрлық карта шифрленген деректермен жұмыс істейді. Яғни, әр отбасыға (тұлғаға) хэштелген код беріледі және қандай да бір деректің қай отбасынікі екенін анықтау мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің пікірі

Тұлға ресми жұмыс істеп, салық төлеп жүрсе, мемлекет оның табыстарының бәрін біліп отыратынын айтып отыру керек. Ресми тіркелмеген табыстар ескерілмейді. Мүлік пен несиеге келсек, бұл деректер мемлекеттік органдар үшін ашық. Осылайша, әдістеме азаматтардың конституциялық құқытарына қол сұқпайды, оларды шығу тегіне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына қарай алаламайды.

*«Отбасының цифрлық картасы» (ОЦК) жобасы Қазақстанда  2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап жұмыс істейді, ол бойынша әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен белгілі бір әлеуметтік көмек қызметтерін алуға болады.

Қазақстандағы әлеуметтік төлемдер

Қазіргі таңда ОЦК арқылы жәрдемақы мен әлеуметтік қызметтердің тоғыз түрі бойынша мемлекеттік қолдау алуға болады:

Әлеуметтік төлемдер алу үшін белгілі бір құжаттар пакетін тапсыру керек. Барлық жағдайда табыс, мүлік я болмаса екеуі де қамтылған ақпарат қажет етіледі. Төлем түріне қарай талаптар өзгеріп отыруы мүмкін.

Сондай-ақ ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндіктері туралы автоматты хабарлама жіберіледі. Бұған дейін азаматтар бұл құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тапсырып келгенін еске саламыз. Бұдан бөлек алдағы екі жылда Еңбек министрлігі ОЦК-на денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізуді жоспарлап отыр.

Ал қазір, еңбек министрлігінің дерегінше, 2023 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 6 мыңға жуық қазақстандық ОЦК арқылы мемлекеттік қызмет алып, 75 мыңнан астам адам мемлекеттік қызмет көрсету туралы SMS хабарлама алған. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері деректері негізінде ОЦК-ға Қазақстанның 19,5 млн азаматы немесе 6,3 млн отбасы туралы ақпата енгізілді.

2006, 2007, 2008, 2010, 2012, 2013, 2015 жылдардағы деректер жоқ.

Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорының дерегінше, әлеуметтік төлем алушылар саны жыл сайын артып отырады (№1 график). Осылайша, 2005 жылы Қазақстан бойынша төлем алушылар 1 859 адам болды. 2009 жылы олардың саны 4 33,5  мың адамға жетті немесе 2005 жылмен салыстырғанда 232 233% артты. Төлем алушылар санының ең көп көрсеткіші 2022 жылы тіркелген — 1,163 млн адам. 2023 жылғы 2 тоқсан бойынша 730  мыңнан астам адам түрлі әлеуметтік төлемдер алған.

Екінші графикте әлеуметтік төлем алатын ең үлкен топ жүктілігіне және 1,5 жасқа толмаған бала күтіміне байланысты табысынан айырылғандар.  Жүктілікке байланысты төлем алу бойынша ең үлкен көрсеткіш 2022 жылы тіркелген — 251,1  мың адам. Ал бала күтіміне байланыстытөлем алғандардың ең көп көрсеткіші 2021 жылы байқалған — 662,7  мың адам. Жүктілік пен 1 жасқа толмаған бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлемдер 2008 жылы енгізілгенін айта кету керек. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты төлем уақыты 1,5 жылға ұзартылды.

Мемлекет әлеуметтік қолдауға бөлетін қаржыға келсек, 2022 жылы ең көп қаражат жұмсалған – — 440,6 млн теңге.

Отбасының әл-ауқат деңгейі қалай анықталады?

Отбасының әлеуметтік әл-ауқат деңгейі мына көрсеткіштер негізінде анықталады:

Әлеуметтік әл-ауқат деңгейі = табыс пен несие міндеттемелерінің болуы + жұмысының болуы (отбасының еңбекке жарамды мүшесінің еңбекпен қамтылуы) + тұрғын үйінің, жеке шаруашылығының, жер телімінің болуы + жылжымалы мүлкінің болуы + әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтерді алуы + денсаулық сақтау саласы қызметімен қамтылуы + білім беру саласындағы қызметтермен қамтылуы.

Қажет деректердің бәрін алған соң мемлекеттік органдар белгілі бір отбасыны қандай категорияға жатқызуға болатынын анықтайды. Жасалған әдістеме бойынша бес деңгей (категория) бар:

  • «А» деңгейіне 1 800 және одан көп балл жинаған отбасы жатады;
  • «В» қанағаттанарлық деңгейіне — 730-1 799 балл жинаған отбасы жатады;
  • «С» қанағаттандырылмайтын деңгейге — 30-729  балл жинаған отбасы кіреді;
  • «D» кризисті деңгейге — 29-460 балл жинаған отбасы енеді;
  • «Е» төтенше деңгейге — 460 баллдан төмен жинаған отбасы жатады.

«С» қанағаттандырылмайтын деңгей отбасының қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдар араласса, қиындықтарды өз бетімен жеңе алатынын көрсетеді.

«D» кризисті деңгейі отбасы пробелмаларды өз бетімен еңсере алмайтынын, тиісті мемлекеттік органдардың олардың әл-ауқатын арттыруға кешенді жұмысы қажет екенін білдіреді.

«E» төтенше деңгейі қиын жағдайға тап болға отбасы отбасының базалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табысы төмен екенін, тиісті мемлекеттік органдардың шұғыл әрекеті қажет екенін көрсетеді.

Отбасы табысымен анықтау

Орта есеппен жан басына шаққандағы табысқа байланысты баллдар былай бөлінеді:

  • табыстың болмауы — 0 балл;
  • орташа есеппен жан басына шаққандағы табыс 0-ден жоғары, бірақ кедейлік деңгейінен төмен болса — 40 балл;
  • орташа есеппен жан басына шаққандағы табыс деңгейі кедейлік сызығынан жоғары, бірақ бір күнкөріс минимумынан төмен — 100 балл;
  • орташа есеппен жан басына шаққандағы табыс деңгейі 1-2 күнкөріс минимумы аралығында – 170 балл;
  • орташа есеппен жан басына шаққандағы табыс деңгейі 2-3 күнкөріс минимумы аралығында — 280 балл;
  • орташа есеппен жан басына шаққандағы табыс деңгейі 3-4 күнкөріс минимумы аралығында — 400 балл;
  • орташа есеппен жан басына шаққандағы табыс деңгейі 4 және одан жоғары — 620 балл.

Несие міндеттемелерінің болу-болмауына байланысты балл былай бөлінеді:

  • несие міндеттемелерінің болмауы— 0  балл;
  • несие міндеттемелерінің болуы — минус 50 балл.
  • Несие міндеттемелері бойынша кешіктірілген қарыздың болу-болмауына қарай:
  • 90 күннен аз уақыт төленбеген және 1000 теңгежен жоғары несие міндеттемелерінің болмауы — 0 балл; 
  • Отбасының кәмелеттік жасқа толған бір мүшесінің 90 күннен асқан және 1000 теңгеден жоғары несие қарызының болуы — минус 250 балл;
  • Отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің бәрінің 90 күннен асқан және 1000 теңгеден жоғары несие қарызының болуы — минус 500 балл.

Тұрғын үй жағдайына қарай анықтау

Жылжымайтын мүлкінің бар-жоғына қарай балл былай бөлінеді:

  • Тұрғын үйдің болмауы — минус 200 балл;
  • Отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден кем бір тұрғын үйдің болуы — минус 80 балл;
  • Отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден астам бір тұрғын үйдің болуы — 0 балл;
  • 2-3 тұрғын үйдің болуы — 100 балл;
  • 3-6 тұрғын үйдің болуы — 400 балл;
  • 6-11 тұрғын үйдің болуы — 1 000 балл;
  • 11-ден астам тұрғын үйдің болуы — 2 000 балл;
  • Коммерциялық жылжымайтын мүліктің болмауы — 0 балл;
  • Коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы — 100 баллов;
  • Жеке шаруашылықтың болмауы — 0 балл;
  • 500 мың теңгеге дейінгі жеке шаруашылықтың болуы — 50 балл;
  • 500 мың – 1 млн дейінгі жеке шаруашылықтың болуы — 150 балл;
  • 1-2 млн теңгеге дейінгі жеке шаруашылықтың болуы — 350 балл;
  • 2 млн-нан астам жеке шаруашылықтың болуы — 600 балл.
  • Жер телімінің болмауы — 0 балл;
  • Жер телімінің болуы — 150 балл.

Тұратын жеріне байланысты балл былай бөлінеді:

  • Астана, республикалық маңызы бар қалаға жататын елдімекенде тіркелу — 70 балл;
  • Облыстық маңызы бар қала категориясына жататын елдімекендегі тұрғылықты жері бойынша тіркелу — 0 балл;
  • Аудан, аудандық маңызы бар қала категориясына жататын елдімекенде тұрғылықты орны бойынша тіркелу — минус 30 балл;
  • Ауылдық округ категориясына жататын елдімекендегі тұрғылықты орны бойынша тіркелу – минус 50 балл;
  • Ауылдық елдімекен саланатын елдімекендегі тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелу минус 70 балл;
  • Тіркеудің болмауы — минус 100 балл.

Жылжымалы мүліктің бар/жоғына қарай балл былай бөлінеді:

  • Отбасы иелігінде жеңіл автокөліктің болмауы — минус 50 балл;
  • Бір жеңіл көліктің болуы — 0 балл;
  • Екі жеңіл көліктің болуы — 50 балл;
  • Үш немесе одан да көп жеңіл көліктің болуы — 100 балл.

Коммерциялық көліктің (автобус, жүк көлігі) болу/болмауына қарай балл былай бөлінеді:

  • Коммерциялық автокөліктің болмауы — 0 балл;
  • Коммерциялық автокөліктің (автобус, жүк көлігі) болуы — 80 балл.

Ауыл шауралышылығы техникасының бар-жоғына қарай балл былай бөлінеді:

  • Ауыл шаруашылығы техникасының болмауы — 0 балл;
  • Ауыл шаруашылығы техникасының бір түрінің болуы — 100 балл;
  • Ауыл шаруашылығы техникасының екеуден астам түрінің болуы — 200 балл.

Еңбекпен қамтылуына қарай анықтау

Еңбек қамтылу статусына қарай балл былай бөлінеді:

  • Еңбекке жарамды адамның болмауы — минус 100 балл;
  • Еңбекке жарамды жұмыссыз адамдардың болуы — 0 балл.

Отбасындағы жұмыс істейтін адамдар санына байланысты баллдар былай бөлінеді:

  • Бір жұмыс орны — 150 балл;
  • 2 немесе одан да көп жұмыс істейтін адамдардың болуы — 300 балл.

Бизнесінің бар-жоғына байланысты баллдар былай бөлінеді:

  • Бизнестің болмауы  — 0 балл;
  • ЖК (жеке кәсіпкер) ретінде тіркелуі — 50 балл;
  • ЖШС немесе АҚ болуы — 100 балл;
  • ЖШС немесе АҚ болуы— 150 балл.

Отбасындағы оқушылар санына қарай анықтау

18 жасқа толмаған балалардың және 23 жасқа дейінгі оқушылардың бар/жоғына қарай баллдар былай бөлінеді:

  • 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы оқушылар және кәмелет жасына толмаған балалардың болмауы — 0 балл;
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың болмауы — 0 балл;
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тіркелген балалардың болуы – 0 балл;
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тіркелмеген балалардың болуы – минус 50 балл;
  • Орта білім беру мекемесіне тіркелген балалардың болуы — 0 балл;
  • Орта білім беру мекемесіне тіркелмеген балалардың болуы — минус 100 балл;
  • Бір кәмелет жасына толмаған баланың немесе 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы оқушының болуы — минус 50 балл;
  • 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы оқушылар немесе/және кәмелет жасына толмаған екі баланың болуы — минус 100 балл;
  • 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы оқушылар немесе/және кәмелет жасына толмаған үш баланың болуы — минус 150 балл;
  • 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы оқушылар немесе/және кәмелет жасына толмаған төрт баланың болуы — минус 200 балл.

Мүгедектігі бар адамдар санына қарай анықтау

18 жастан асқан мүгедектігі бар туысының бар/жоғына қарай баллдар былай бөлінеді:

  • Мүгедектігі бар адамның болмауы — 0 балл;
  • 1 және/немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдардың болуы — минус 250 балл;
  • 3 топтағы мүгедектігі бар адамдардың болуы — минус 100 балл.

Бала кезінен мүгедектігі бар туысы немесе мүгедектігі бар баласының бар/жоғына қарай баллдар былай бөлінеді:

  • Балалық шағынан мүгедектігі бар адамның немесе мүгедектігі бар баланың болмауы – — 0 балл;
  • Балалық шағынан мүгедектігі бар адамның немесе мүгедектігі бар баланың болуы — минус 150 балл.

Денсаулық жағдайына қарай анықтау

Динамикалық түрде бақылауда болуды қажет ететін созылмалы ауруы бар туыстарының бар/жоғына қарай:

  • Динамикалық бақылауды қажет ететін созылмалы ауруы бар адамның болмауы — 0 балл;
  • Динамикалық бақылауды қажет ететін созылмалы ауруы бар адамның болуы — минус 80 балл.
  • Диспансерлік есепте тұрған адамның болмауы — 0 балл;
  • Диспансерлік есепте тұратын адамның болуы — минус 50 балл.

Медициналық мекемеге тіркелген туысының бар/жоғына қарай баллдар былай бөлінеді:

  • Медициналық мекемеге тіркелген отбасы мүшесінің болуы — 0 балл
  • Медициналық мекемеге тіркелмеген отбасы мүшелерінің болуы — минус 20 балл.
  • Міндетті медициналық сақтандыру төлейтін/төлемейтін туысының бар/жоғына қарай баллдар былай бөлінеді:
  • МӘМС жүйесі қатысушысының болуы — 0 балл;
  • МӘМС жүйесі қатысушысының болмауы — минус 20 балл.

Қандай жағдайда баланы отбасынан тартып алады?

Қазақстандықтардың балаларды отбасынан тартып алу және ата-ана құқығынан айыруға қатысты сипаттамалары нақты жағдайларға байланысты және жеке қарастырылады. Бұл жағдайда әдістеме тек нақты отбасының әл-ауқатына баға береді, ал балалары аш, физикалық және психологиялық зорлыққа ұшырап отырған отбасылардың мәселесімен ювенальді сот (кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғаумен және заңды мүдделерімен айналысатын соттар) айналысады.

«Неке және отбасы» туралы заңның 79 бабына сәйкес бала ата-анасына байланысты емес жағдайларға қарай (психическое расстройство или иное хроническое заболевание, стечение тяжелых обстоятельств)  немесе ата-ана әрекетінің салдарына қарай қауіпке тап болған жағдайда, бірақ ата-ана құқығынан айыруға негіз жоқ кезде ата-ананың құқығы шектелуі мүмкін. Егер ата-ана әрекетін өзгертпесе, тиісті орган ата-ана құқығын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты айдан соң ата-ана құқығынан айыру туралы талап жіберуі керек. Ата-ана құқығын шектеу туралы іс қарастырылғанда, сот ата-анадан балаға алимет төлеу шешімін шығару құқығына ие. 

Осы заңның 75 бабына сәйкес, ата-аналар мына жағдайда ата-ана құқығынан айырылады:

  •  ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
  • өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса;
  • өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;
  • балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;
  • құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық заттарға және (немесе) сол тектестерге салынса;
  • Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады.

Контекст

2020 жылғы 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында үкіметке Әлеуметтік кодекс әзірлеуді тапсырды. Екі жылдан соң үкімет еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге кодексті әзірлеп, келесі жылдың сәуірінде оны президент бекітті.

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz