ШЫНДЫҚ | Алматы қаласы бойынша 2016 жылы сотта қаралған тек 1 қылмыстық іcке ақтау үкімі шыққан

Алматы адвокаттар алқасының мүшесі Джохар Утебеков Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Алматы қаласы бойынша  2016 жылы сотта қаралған тек 1 қылмыстық істің ақталғаны, қалған істерге қатысты айыптау үкімі шыққаны туралы жазды.   

Джохар Утебеков есімді әлеуметтік желі қолданушы парақшасынан скрин
Джохар Утебеков есімді әлеуметтік желі қолданушы парақшасынан скрин

Үкім: Шындық

ҚР бас прокуратурасының бізге берген мәліметі бойынша, өткен жылы Алматы соттарында 4438 азаматқа қатысты 3763 қылмыстық іс қаралған. Олардың ішінде 2157 іс бойынша  2584 азамат сотталып, тек 2 адам ғана ақталған.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы фактчекинг. Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы. 2017 жылдың мамыр айында ашылған. Халықаралық фактчекинг ұйымдар желісінің (IFCN) мүшесі.

Factcheck.kz