Алматыда белгісіз біреу журналистің көлігіне от қойған

Журналист Динара Егеубаева Алматыда белгісіз біреулердің көлігіне от қойғанын хабарлады. Бұл туралы ол “Не дейді?” YouTube арнасында айтты деп Азаттық радиосы жазды.

Журналист мұны әлдекімнің қасақана жасаған әрекеті деп есептейді. Оған қоса ол қылмыскерлер бұл ісімен тек өзіне емес, басқа адамдарға да қауіп төндіргенін айтады.

Салонның ішінде кірпіш жатыр. Оны көліктің артқы әйнегінен лақтырған. Мен есеңгіреп қалдым…Көлік аулада тұр. Оның жанында өзге көліктер тұр. Жарылыс болуы мүмкін еді. Өте үлкен. Онда бірінші қабатта тұратын адамдар қаза табуы мүмкін еді. Олардың не істеп жатқанын түсінесіздер ме? Полиция, өрт сөндірушілер келді…Бұл Тоқаевтың “Жаңа Қазақстаны”

Динара Егеубаева, журналист
Factcheck.kz