Нұрлан Бекназаров алқабилер соты туралы рас айтты ма?

15 желтоқсанда өткен Мәжіліс отырысында депутат Нұрлан Бекназаров алқабилердің қатысуымен жүргізілген сот істері бойынша сотқа дейінгі тергеудің сапасы әлдеқайда жоғары екенін мәлімдеп, оған қатысты бірнеше мәлімдеме келтірді.

Factcheck.kz депутат сөзі қаншалықты рас екенін тексерді.

Тайм-код: 58:28

Ресми мәліметтерге сәйкес, алқабилердің қатысуымен жүргізілген сот процестері бойынша ақтау үкімдерінің саны едәуір жоғары. Мысалы, соңғы 3 жыл ішінде алқабилердің қатысуымен қаралған 130 істің 14-і бойынша ақтау үкімі шығарылды.

Нұрлан Бекназаров

Үкім: Техникалық қате

Бас прокуратураның Factcheck.kz редакциясына берген ақпаратына сай, 2019-2021 жылдары алқабилердің қатысуымен 149 іс қаралған. Aқталғандар саны — 15; cотталғандар саны — 198.

Депутат мәлімдемені 2022 жыл аяқталмай тұрып жасағандықтан біз 2019, 2020, 2021 жылғы деректерді ғана салыстыра аламыз. 2022 жылғы толық дерек тек 2023 жылы ғана жарияланатынын депутут ескермеген секілді.

(Алқабилердің қатысуымен қаралған 130 істің — авт.) тек үшеуіне ғана апеляцялық шағым болған.

Нұрлан Бекназаров

Үкім: Жалған

Бас прокуратураның дерегінше, 2019-2021 жылдары алқабилердің қатысуымен қаралған 149 істің 139-ына aпелляциялық шағым жасаған.

Контекст

  • Қазақстан сот жүйесіне алқабилер институты 2007 жылы енгізілді.
  • 2022 жылдың желтоқсанында Қасым-Жомарт Тоқаев алқабилер қарауына болатын істердің тізімін кеңейтетін заңға қол қойды. 2024 жылдан бастап алқабилердің құзырында 45 құқық бұзушылық, соның ішінде азаптау, рейдерлік істер, адамның тіндері мен мүшелерін алуға мәжбүрлеу істері де болады.
  • Қасым-Жомарт Тоқаевтің сөзінше, бұл “сот жүйесін демократизациялауға ықпал етіп, қоғамның сотқа деген сенімін арттырады“.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz