Моника Беллучидің 12 жастағы суреті тарады ма?

Көптен бері интернетте жасөспірім қыздың фотосы тарап жатыр. Адамдар “Суретте 12 жастағы италиялық актриса әрі модель Моника Беллучи бейнеленген” деседі. “Проверено” фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Бұл сурет бірқатар жерде жарияланды (мұнда, мұнда, мұнда).

Моника Беллучидің 12 жастағы суреті тарады ма?

Алайда фактчекерлер кері іздеу жүйесі нәтижесінде суреттің өңделгенін анықтады. Белгісіз біреу фотошоп арқылы Моника Беллучидің 35 жасында түскен фотосын өңдеп, 12 жастағыдай еткен.

Моника Беллучидің 12 жастағы суреті тарады ма?
Сол жағында тарап жүрген, ортасында сәл өңделген фото. Ал оң жағында Моника Беллучидің шын суреті.

IMDb-дағы ақпаратқа сәйкес, Моника Беллучидің түпнұсқа суретін фотограф Фабиан Совелоссе 1999-2000 жылдары “Малена” деген фильмнің түсірілімінде түсірген.

Factcheck.kz