Жаңа фейк: Батыс КСРО-ны одақтастар тізімінен шығарып жіберді

Ura.Ru басылымының хабарлауынша АҚШ КСРО-ны Екінші Дүниежүзіліс соғыс жеңімпаздарының тізімінінен шығарып тастап, мерейтойлық тиынға Кеңес үкіметінің туын қоспады. RTVI сайты түрлі БАҚ-тарда жарияланған жаңалықтардың өзгеруін қадағалап, жаңа фейктерді тауып алды. 

Мақалада тиынның екінші жағында антигитлерлік коалиция одақтастарының, яғни АҚШ, Ұлыбритания және Францияның туларының суреті салынған. Тиын 2020. жылы Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 75 жылдық мерейтойына арналғанына қарамастан, сатылымға шықты.

Алайда, бұл оқиғада Екінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРО-ның рөліне АҚШ-тың берген бағасына қорытынды жасауға болмайды. Талқыға түскен бұл тиынды мемлекет шығарған жоқ. Ол айналымға шықпады, тіпті атаулы құны жоқ. Тиынды кәдесый жасайтын Bradford Exchange компаниясы жасап шығарған. 

Компанияның сайтында Bradford Exchange америка үкіметіне де, елдің монета сарайына да еш қатысы жоғын хабарлады. 

Мерекелік тиынға журналистердің назарын Бірінші арнаның «Время покажет» саяси ток-шоуының жүргізушісі Артем Шейнин аударды. Ол фейсбук парақшасында бағдарлама көрермені Стив Тирердің хатымен бөлісті. Стивтің айтуынша оған «тарихты бұрмалайтын» тиынды пошта арқылы сатып алуға ұсыныс жасаған. Хатта да, журналистдің жазбасында да тиынның арнайы кәдесый екені айтылмаған. 

Әрине, жекеменшік компаниялар өнімдерінің қандай болатынын өздері шешуге құқылы. Бірақ, кейбір басылымдар тиынды ұмытып, Америка КСРО-ны одақтастар немесе Екінші Дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздары тізімінен сызып тастағаны жайлы жазды.

Ал кейбір басылымдар дәстүр бойынша депутаттар мен сенаторлардан сұхбат алды. Өз кезегінде шенеуніктер Bradford Exchange-дің шешімін айыптады. Сенатор Франц Клинцевич бұл оқиғаға «ең ірі саяси арандату және тарихты бұрмалау» деген баға берді.

АҚШ-та талқыға түскен тиын жайлы бірді-бір басылым жазбады.

Factcheck.kz