Депутат Жұбанов тасқыныннан зардап шеккен азаматтарға берілетін өтемақы жайында не деді?

22 сәуірде өткен мәжіліс отырысында депутат Әділ Жұбанов су тасқынынан зардап шеккен халыққа төленетін өтемақы мәселесін көтерді. Сауал барысында Ресейде 1 шаршы метрге 69 мың рубль төленетінін мысалға келтіріп, бізге де назар аудару керектігін айтты. Депутаттың айтқандарын Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 2:18:48

Мәлімдеме: Ресей мемлекеті су тасқыны салдарынан тұруға жарамсыз үй үшін өтемақыны 1 шаршы метрге 69 мың рублден тағайындады.

Әділ Жұбанов, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

РФ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі Ирек Файзуллин Орынбор облысына сапары барысында қалпына келтірілмейтін тұрғын үйдің әрбір шаршы метріне 68 700 рубль төленетінін мәлімдеді.

Мәлімдеме: Сондай-ақ, қаза тапқандардың туыстарына біржолғы жәрдемақы – 1 миллион рубльді, біржолғы материалдық көмек бір адамға 20 мың рубльді құрап отыр.

Әділ Жұбанов, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

Орынбор облысы үкіметіне қарасты Pavodok.orb.ru сайтының мәліметінше, 10-20 мың рубль арасындағы біржолғы материалдық көмек, 50-100 мың рубль мүліктің бүлінуіне байланысты қаржылық көмек, 200-400 мың рубль денсаулығына зиян келуіне байланысты көмек және 1 млн рубль қайтыс болған отбасының әрбір мүшесіне беріледі.

29 сәуірдегі ақпарат бойынша, жалпы саны 470 842 өтініш келіп түскен, оның ішінде 97 251 тұрғын төлемақы алғын. Жалпы тұрғындарға берілген төлемақының көлемі – 1 млрд 849,28 млн-ға жетті.

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қанша төлейді?

Тасқыннан зардап шеккен азаматтардың отбасына 100 АЕК (369,2 мың тг) көлемінде біржолғы төлем материалдық көмек қарастырылған. Қазіргі таңда 13 259 отбасы төлемді алды. Бүлінген үй заттарын алу үшін қосымша 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде көмек көрсету туралы шешім қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, мал шығыны үшін де өтемақы қарастырылған.

Депутат Жұбанов тасқыныннан зардап шеккен азаматтарға берілетін өтемақы жайында не деді?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, су тасқыны салдарынан үйін қалпына келтіру мүмкін болмай қалған азаматтар үшін мәселені шешудің екі жолы ұсынылған:

  • жаңа үй салу;
  • Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен шекті сома аясында азаматтардың таңдауына сай екінші нарықтан дайын баспана сатып алу.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz