Жалған: Баспанасыздарға арналған лагерьде кісі өлімі тіркелді

Алматы полициясы үйсіздерге арналған лагерьде адамдардың қайтыс болғаны туралы ақпараттың жалған екенін хабарлады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған лагердің ашылуы туралы сәуір айының ортасында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. 8 мамыр күні «Власть» басылымы лагерьде бір немесе бірнеше адамды арнайы жасақ қызметінің жауынгерлері ұрып-соқты тіпті қайтыс болғандар бар деген ақпарат шығарды.

 Алматы полициясы бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Полиция департаменті үйсіздерді ұрып-соғу және өлтіру туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді деп ресми түрде мәлімдейді. Бұл жалған ақпарат», — дейді Алматы полициясы.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша, лагерьге 132 адам орналасқан, оларды үш рет ыстық тамақпен, гигиеналық құралдармен, таза төсек-орынмен және киіммен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, олардан коронавирусқа тест алған. Екі адамда тест нәтижесі оң болып шықты. Нәтижесінде, лагерьді екі аптаға карантинге жапты.

Жақында лагерь жабылды.

Factcheck.kz