Трамп пен Дутертенің есірткіге қарсы соғыс тангосы

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ президенті Дональд Трамп осы демалыс күндері Филиппинге барып, өзінің Азияға сапарының соңғы аялдамасында Президент Родриго Дутертеге кіріп шықпақ. Дутертенің былтырғы инаугурациясынан кейін полиция мен өлім батальондары 8000-нан астам есірткі қолданушыны жазалады. Дутерте бұл соттан тыс өлтіруді бастаудағы және қадағалаудағы өзінің басты рөлін мақтана айтып отырды.

Трамп өзінің Дутертемен тығыз байланысы туралы талай мақтанған, ал екеуі кездескен сайын аралары жақындай түседі. Олар адам құқықтары туралы айтарлықтай әңгіме құрмайтыны да анық. Сәрсенбіде Дутерте журналистерге Трамп бұл тақырыпты қозғай бастаса,  әңгімені бірден тоқтататынын айтты.

Енді басты мәселе Трамптың Дутертенің саясатын және жаппай өлтіру тәжірибесін қалай жақтайтынына қатысты. Трамп Дутертенің бағдарламасын мадақтаса да, ол жайында мүлдем ештеңе айтпаса да, оның  сол елге келуінің өзі, Америка Құрама Штаттарында және басқа жерлерде саяси мақсаттарда жемқорлық пен қылмыстық зорлық-зомбылықтың орынды істер екенінің белгісіндей болады.

Дутерте мен Трампта ортақ көп нәрсе бар. Екеуі де бұрынғы президент Барак Обама мен Рим Папасы Френсис сияқты саяси оппоненттері мен халықаралық тұлғаларға тіл тигізуді мақтаныш санайды. Екеуі де халыққа арналған мәлімдемелерінде дөрекі сөздерді қолданады. Олардың екеуі де әйелжандылығымен мақтанады және екеуі де Ресей президенті Владимир Путинге жылы сезімдерін білдіріп отырады. Екеуі де деректерге қарамастан, кең таралған халықтық қолдауымыз бар деп айтып отырады (бірақ Дутертеге шын мәнінде де нақты кең қолдау көрсетілуде).

Әрине, Трамп АҚШ-та кісі өлтіру науқанын бастамаған. Ол мұндай бастаманы қолдайтынын ешқашан байқатпаған да және АҚШ үкіметінің кез келген лауазымды адамды бақылайтынын ескерсек, ол ондай істі қаласа да жасай алмас еді. Дегенмен, бұл Трамптың әділет басқармасына құрмет көрсетпеуін немесе саяси қарсыластарына қарсы құрал ретінде сот процесін пайдалануын тоқтатпады. Дутертенің заңды ресмилікке деген жеккөрінісіне Трамп таңдана да қуана қарайды. Бірақ, Трамп Дутертенің жаппай өлтіру науқанын тікелей немесе елемеу арқылы қолдайтынын білдірсе, бұл оның полицияның сыбайлас жемқорлығын да қолдайтынын білдірмек.

Филиппиндегі шенеуніктердің Дутертенің саясатын жүзеге асыруға соншалықты құлшына кірісуінің себебі олардың полицияның президенттің «есірткіге қарсы соғысын» жүзеге асырғаны үшін алған  сомасынан басқа да қаржылық ынталандыруына байланысты. Танымал тергеуші журналист және Колумбия журналистика мектебінің академиялық деканы Шейла Коронельдің айтуынша, заңсыз сыйақылар тізімінде бопсалаудан көрген пайда, құрбандардан тартып алынған мүлік, ұрланған күдіктілер үшін төленетін төлемақы, тіпті, жерлеу бюроларынан алынған комиссиялық алымдар да бар.

Осы және басқа да себептер филиппиндік сыбайлас жемқорлық циклын күшейтіп, тиімді полиция жұмысын қалпына келтіруге кедергі тудыруда. Азаматтардың полициядағы сыбайлас жемқорлық туралы хабардарлығы тиімді құқық қорғау шаралары үшін маңызды сенімнің қалпына келуінің басты бөлігі . Бірақ Коронельдің айтуынша, «Филиппиндіктер  барлық үкіметтік мекемелердің ішінде ең көп жемқорлық бар деп үнемі полицияны айтып отырады». Полицияның заңсыз әрекеттерін қолдайтын саясатты жүргізу арқылы Дутерте (есірткінің заңсыз айналымын жоюға бағытталған іс-әрекеттері арқылы), керісінше, қылмыстық әрекеттерді ынталандырып отыр.

АҚШ-та апиын эпидемиясынан қаза тапқандардың саны өсуі Америкадағы есірткі мәселесінің Филиппинге қарағанда әлдеқайда өзекті екенін көрсетіп отыр. Трамп басқармасы әлі де елдегі дағдарысқа тиісті шешімді ұсынуы керек, олар ұлттық төтенше жағдайды жариялау, артында қандай да бір жаңа шығыстар болатын жаңа бұйрықты бермеу жеткіліксіз және полицияның дилерлер мен қолданушыларды өлтіруі дұрыс шешім емес екенін түсінеді.

Егер Трамп Дутертенің есірткі дағдарысын қалай тоқтатып жатқаны туралы ойланатын болса, мүмкін ол бұл тәсілге деген ынта-жігерін білдірмес. Мүмкін, ол Дутертенің «қоя тұр» деген сөзін елемей, әрі қарай кететін шығар. Бірақ, Трамптың күшті көшбасшыларға деген сүйіспеншілігін ескерсек, Дутертеге өз азаматтарын ары қарай өлтіруге ашық жол берілер.

Трамп пен Дутертенің есірткіге қарсы соғыс тангосыАрье Найер, «Ашық қоғам» қорларының құрметті президенті және «Human Rights Watch» ұйымының негізін қалаушы, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық қозғалыс тарихы кітабының авторы.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017.
www.project-syndicate.org

Factcheck.kz