Прокуратура Болот Теміровке қатысты сот шешіміне шағымданбақ

Қырғызстанның Бас прокуратурасы Бішкектің Свердлов аудандық сотының журналист Болот Теміровке қатысты шешіміне шағым түсірмек. Бұған дейін сот журналисті ақтаған. Бұл туралы “Азаттық Радиосының” қырғыз қызметі хабарлады.

Журналистің айтуынша, сот отырысының өтетін уақыты әлі белгісіз.

Маған прокуратураның сот шешіміне шағымданғысы келетінін ауызша хабарлады. Үкімет мені түрмеге жапқысы келеді.

Болот Теміров, журналист

Ал Бас прокуратураның баспасөз қызметі әзірге түсініктеме бермеді.

2022 жылғы 28 қыркүйекте Бішкектегі Свердлов аудандық соты журналист Болот Теміровті есірткіні заңсыз сақтау және ел шекарасын заңсыз кесіп өту баптары бойынша ақтаған.

Бұл ретте Теміров тағы екі эпизод бойынша – төлқұжат алу кезінде жалған әскери билет пен жалған уақытша жеке куәлікті пайдалану бойынша кінәлі деп танылған, дегенмен қылмыстық қудалау мерзімінің өтуіне байланысты ешқандай жаза түрін өтемеді.

Factcheck.kz