Қырғызстанда TikTok желісі шектелуі мүмкін

Қырғызстанда TikTok желісі шектелуі мүмкін. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.

Басылымның мәліметі бойынша, Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі жанындағы байланысты реттеу қызметі байланыс операторларына шектеуге қатысты хат жолдаған. Министрліктің шешіміне Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) хаты себеп болған. Ведомствоның айтуынша, “балалардың денсаулығына, олардың дене, ақыл-ой, психикалық, рухани-адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы” заң баптарының орындалмаған.

ҰҚМК хатында TikTok желісінің контентіне цензура қою “балалардың ақпараттық кеңістігіне қатысты” екенін жазған.

Factcheck.kz