Мәскеуде ЛГБТК+ туралы заңға қарсы шыққан белсенді ұсталды

Мәскеуде қауіпсіздік күштері «ЛГБТК+ насихаты» туралы заңға қарсы пикетке шыққан Мәскеу қоғамдық орталығының белсендісі Екатерина Рогованы ұстап әкетті. Бұл туралы ол ОВД-News басылымына хабарлады.

Белсенді Манежная алаңына Пропаганда емеспін. Мен адаммын” деген жазуы бар плакатпен жаңа заң жобасына наразылығын білдірген. Алайда полицейлер оны ұстап, бөлімшеге жеткізген. Екатерина Рогова көпшілік іс-шараға қатысу ережелерін бұзу бабы бойынша хаттама толтырғаннан кейін ғана босатылған.

“Холод” журналы Рогова сол күні дәл осы плакатпен АҚШ елшілігінің алдында да пикетке шыққанын хабарлады. Ол кезде полиция белсендінің тек құжаттарын тексерген, бірақ ұстамаған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ресей мемлекеттік Думасы үшінші қорытынды оқылымда «Дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттау» туралы екі заң жобасын қабылдады. Түзетулерге сәйкес, “жынысты өзгертуді насихаттағандарға” бес миллион рубльге дейін айыппұл салынуы ықтимал.

Factcheck.kz