Контекст | WhatsApp хабарламаны бөлісу санын шектеді

Өткен жылдың шілде айында Үндістанда WhatsApp мессенджері арқылы тараған хабарламалардың кесірінен бірнеше шабуыл мен өлім тіркелгенін, осы оқиғадан кейін танымал желі мұны қолға алатынын жазған едік.

2019 жылдың 21 қаңтары күні WhatsApp жаңарды, енді хабарламаны 5 адаммен ғана бөлісуге мүмкіндік бар.

Контекст | WhatsApp хабарламаны бөлісу санын шектеді
Компания басшылығы мұндай шектеу арқылы дезинформация және қауесетпен күресуге тырыспақ. Желі мұндай қатаң шектеу қоюға мәжбүр болды: 2018 жылдың мамырында WhatsApp бірнеше елде саяси дезинформация таратушы негізгі құралға айналды.

«Қазір біз әлем бойынша хабарламаны 5 рет  қана бөлісу мүмкіндігін жасадық», – деді WhatsApp-тың саясат және байланыс жөніндегі вице-президенті Виктория Гранд.

Бұрын мұндай хабарламаларды 20 контакт немесе чатпен бөлісу мүмкін еді. Қазір бір чаттағы адамдар саны максималды түрде 256 болатын 5 контактыға жіберуге болады. Осылайша, бір хабарламаны максималды түрде 1280 қолданушы көре алады, бұрын бұл сан 5000 болатын.

WhatsApp-тың 1,5 миллиард қолданушысы бар. Бағдарламаны өтпелі шифрлеу арқылы жүздеген қатысушысы бар топтық чаттар WhatsApp-тың және үкіметтің қадағалауынсыз мәтіндер, фото, аудио және видеомен бөлісе алады. Мессенджер басшылығы платформаны кейбіреулер фейк жаңалықтарды тарату үшін және арандатушы контент арқылы манипуляция жасау үшін қолданатынына алаңдаулы.

Контекст: Бразилияның жаңа президентіне қарсы дезинформацияға қатысты айыптаулар

Контекст | WhatsApp хабарламаны бөлісу санын шектеді
Фото/ Edilson Rodrigues/Agencia Senado

Өткен жылдың қазан айында Бразилиядағы президенттік сайлау кезінде WhatsApp саяси күрес алаңына айналды. Ол кезде әлі президенттікке үміткер Жаир Болсонару өзінің негізгі қарсыласы туралы WhatsApp желісінде жалған ақпарат таратты деп айыпталды. Тіпті, оны сайлауалды шеруде пышақпен жарақаттап кетті.

2019 жылдың 1 қаңтарынан Бразилия президенті болған Болсонару өзіне қарсы тағылған айыптауларды жоққа шығарды.

Журналист factcheck.kz

Factcheck.kz