Фотода бейнеленген өзендегі мұз-өрнек шынайы ма?

Әлеуметтік желіде өзеннің бетіне салынған ерекше өрнектің суреттері тарады. Бұл Қытайдағы өзенде болған табиғи құбылыс деседі. Snopes фактчекерлері фотоларды тексеріп көрді.

Facebook қолданушысы 2023 жылы қаңтарда өзеннің бетіне салынған ерекше өрнектердің бірнеше фотосын жариялады. Жазбаның сипаттамасына былай деп жазды:

“Қытайлық People’s Daily газетінің жазуынша, ауа райына байланысты өзен бетінде мұз гүлдері пайда болды. Әдетте олар бұталарда болатын. Мұз гүлдерінің шығатын ең жақсы уақыты – кеш келген күздің таңында немесе қыс мерзімінің басында таңда.

Сонхуа өзені, Қытай

Желі қолданушылары таңғажайып суретке қарап әлі таңғалғанын жатыр”.

Фотода бейнеленген өзендегі мұз-өрнек шынайы ма?

Бұл кадр бірнеше желіде және медиада тарады (1, 2, 3).

TinEye іздеу жүйесі фотолардың алғаш рет 2022 жылғы желтоқсанда Reddit сайтына жарияланғанын көрсетті: «Қытайдың солтүстік-шығысындағы Сонхуа өзеніндегі мұз гүлі».

Алайда фотода табиғи құбылыс бейнеленбеген. Illuminarty құралы суреттердің шын мәнінде жасанды интеллект арқылы жасалғанын анықтады.

Factcheck.kz