Еуроодақ Шыңжаңдағы қысымға байланысты Қытайға қарсы санкция енгізді

Еуроодақ 30 жылда алғаш рет Қытайға қарсы санкция енгізді. Санкция тізіміне Қытайдың төрт шенеунігі және бір заңды тұлға енді. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Жаңа санкция тізіміне енгендердің шотын бұғаттап, Еуроодақ аумағына кіруге тыйым салынады. Брюссель мұндай шешімді Шыңжаңдағы мұсылмандарға қарсы жасалған қысыммен байланыстырады. Ал Қытай Сыртқы істер министрлігі Брюссельге қарсы “қатаң шара” қолданатынын мәлімдеді.

Reuters және dpa ақпарат агенттігі хабарлауынша, бұл 30 жылдан соң енгізілген алғашқы санкция. 1989 жылы Еуроодақ Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңында өткен митингте Қытай билігінің күш қолданғаны үшін ҚХР-ға санкция салған.

Еуроодақ Қытайдан бөлек Ресей, Эритерия, Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея және Ливиядағы шенеуніктерге де адам құқығын бұзған үшін санкция салуды мақұлдады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz